Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған серверлік орталық- «Қазақтелеком» АҚ және телекоммуникация жүйесіндегі ең ірі қытайлық компания «Huawei Technologies Co.Ltd», сондай-ақ, бағдарлама өндірісінде лидер саналатын «Microsoft» пен Еуразия ұлттық университетінің бірлескен жобасы саналады.
Бұл - қазақстандық білім жүйесіндегі тұңғыш жоба болып табылады. Мақсат - танымал отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен оқу жүйесіне мультимедиялық және электронды дәрістер, білімді тест арқылы анықтау, видеодәрістер, видеоконференциялар сынды заманауи әдістерді қолданысқа ендіру.
Салтанатты ашылу рәсімінен соң, министр Әсет Исекешев оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер алдында интерактивті дәріс оқиды деп күтілуде.