ЕҰУ түркі әлемі заңгерлерінің Халықаралық Ассоциациясын құру бастамасын көтерді

None
АНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанна Қорқытова/ - ЕҰУ түркі әлемі заңгерлерінің Халықаралық қауымдастығын құру бастамасын көтерді, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.

«Түркі әлемі заңгерлерінің Халықаралық қауымдастығы барлық түркі мемлекеттері заңгерлерінің басын қосып, әріптестік байланыс орнатып, ақпарат алмасуға жол ашпақ. Сонымен қатар осы ұйымның құқықтық жүйесін әлемдік кеңістікке ықпалдастырмақ.

Осындай ықпалдастықтың қажет екенін ескерген Еуразия ұлттық университеті түркі әлемі заңгерлерінің Халықаралық қауымдастығын құру бастамасын көтеріп отыр. "Қауымдастық тәжірибелі заңгерлерді, ғалымдарды, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің басын қосуды жоспарлап отыр», - делінген баспасөз айғағында.

Осы істі жүзеге асыру үшін ЕҰУ түркітілді мемлекеттердің заңгер ғалымдарының басын қосуды жоспарлап отыр. Ондағы басты мақсат - заң ғылымы мәселелерін талқыға салу.

Түркі әлемі заңгерлерінің I Конгресін Астанада Еуразия ұлттық университетінде өткізу жоспарланып отыр.