Эвандер Холифилд: «Головкин - әлемдегі үздік pound-for-pound боксшысы»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыр салмақтағы боксшы Эвандер Холифилдтің пікірінше, WBA/IBO/IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин салмақ дәрежесіне қарамастан, әлемдегі үздік боксшы болып табылады, деп хабарлады Sports.kz.

«Бокста ешкімнен қорықпау керек, үздіктер үздіктермен жұдырықтасуы тиіс. Сондықтан GGG әлемдегі үздік pound-for-pound боксшысы деп ойлаймын. Ол кез келгенмен күш сынасып, оларды жеңеді. Ол -өзгелермен кездесуден жалтармайтын орта салмақтағы жалғыз боксшы. Кім туралы айтсаң да о «Жақсы, күш сынасып көрейін», - дейді, - деген бұрынғы абсолютты чемпионның сөздерін BoxingScene.com келтірді.