Үкімет комиссиясының басшысы Сварна Субба Рао әлемнің ең биік тауына екі айдан кейін экспедиция аттанатынын хабарлады.
Биіктікті қайта өлшеуге екі ай кетеді, ал оны есептеп шығуға екі апта керек.
Бұған дейін ғалымдар спутниктен түсірілген суреттерге қарап, 2015 жылғы жер сілкінісінен кейін Эверест тауының бірнеше сантиметрге төмендегенін хабарлаған еді.
1955 жылы жүргізілген өлшемдерге сәйкес Эверест биіктігі 8 848 метрді құрайды.
Еске сала кетсек, 2015 жылдың сәуір айында Непалда 7,8 балдық зілзала болды, салдарынан сегіз мыңнан астам адам көз жұмды.