Эвересті бағындыруды армандаған АҚШ тұрғыны шыңнан түскен сәтте көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Эверест шыңынан түсіп келе жақтан кезінде америкалық альпинист қайтыс болды, деп хабарлайды Reuters агенттігі непалдық билікке сілтеме жасап.

Жер бетіндегі  ең биік 7 шыңға шығуды армандаған Юта штатының тұрғыны, 55 жастағы Дон Кэш солардың ең соңғысы -Эвересті бағындырып, мақсатына жетті.

«Жеті шың клубына» мүше болу үшін ол тіпті жұмысын тастап, бар өмірін альпинизмге арнаған.

Бір өкініштісі, Кэшпен бірге Эверестен түскен үш үнділік, олардың ішінде екеуі әйел қайтыс болды.

Непал туризм басқармасыны мәлімдеуінше, олардың өліміне шаршағандық, оттегінің жетіспеуі, организмнің сусыздануы себеп болған.

Айта кетер жайт, биылғы маусым басталғаннан бері  тоғыз адам өмірден озды.