Евгений Евтушенко ЮНЕСКО медалімен марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атақты ресейлік ақын Евгений Евтушенко «мәдениеттің дамуына қосқан ерекше үлесі және халықтар арасындағы мәдениетаралық үндестікті нығайтуға қосқан үлесі үшін ЮНЕСКО-ның медалімен және дипломымен марапатталды.

Салтанатты рәсім ЮНЕСКО-дағы Орыс тілі күнінің ресми ашылуында болды.

Еске сала кетсек, ақын, публицист және сценарист Евгений Евтушенко 150-ден астам кітаптың авторы. Оның шығармалары әлемнің көптеген тілдерінде жарық көрді.