Г.Головкин қазір «Биг Беар» лагерінде Вилли Монроға қарсы жекпе-жектің қарсаңында қызу дайындық жасап жатқаны белгілі. Таңданысын жасыра алмаған Хитров ол жақтан үлкен әсер алғанға ұқсайды.
«Гена GGG Головкин - керемет адам, қарапайым және әңгімеге ашық, бүгінгі заманның ең үздік боксшысы», - деп мәлімдеді ол Головкин туралы.
Еске сала кетейік, Евгений келесі жекпе-жегін 10 сәуірде Бруклинде әлі бірде-бір рет жеңілмеген Аарон Колиге қарсы өткізеді.