Евгений Королев Германияда ITF сериясы турнирінде жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Евгений Королев немістің Вецлар қаласында ITF сериясы турнирінің жеңімпазы болды, деп хабарлады sports.kz.

Финалдық матчта Королев корт қожайыны Юлиан Ленцті ұтты - 6:0, 0:6, 6:3.

26 жастағы Евгений Королев 2010 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан үшін өнер көрсетуде. Ол теннисші Анна Курникованың немере бауыры, олардың аналары - апалы-сіңлілі.