«Евроньюстың қазақша нұсқасын және түркі тілдес елдер телеарнасын ашу керек»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Парламент депутаттары мен БАҚ өкілдері, ғалымдар және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде Евроньюстың қазақша нұсқасын және түркі тілдес елдер телеарнасын ашу керек деген бастама көтерілді.

Отырыста ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықовтың қоғам және БАҚ өкілдерімен байланыс жөніндегі кеңесшісі Еркін Байғабылұлы телевизия мәселелері туралы баяндама жасады.

«Қазақстанның қоғам қайраткерлері ортасында жаңа телеарналар ашуға қатысты ұсыныстар жиі айтылып жүр. Біріншісі, түркі тілдес елдердің ортақ телеарнасын құру бастамасы. Екіншісі, Евроньюстың қазақша нұсқасын ашу мәселесі.

Екеуі де заман талабына сай көтерілген мәселе. Мұндай арналар ашылса, журналистік қызметтің сапасы да артары сөзсіз. Жетекші шетел ұжымдарымен тәжірибе алмасу да кеңейеді. Байланыс және ақпарат агенттігі бұл ұсыныстарға қатысты арнайы сараптама жасауы тиіс», - деді ол.