«Евровидение-2015» байқауы сахнасының алғашқы фотосуреті жарияланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғаламторда «Евровидение-2015» халықаралық ән байқауының сахнасының алғашқы графикалық фотосуреті жарияланды, деп хабарланған байқаудың ресми сайтында.

Бірегей жарықдиодты конструкция биіктігі 14 метрге жететін, тереңдігі 22 метр болатын бағаналардан тұрады. Байқауды ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарықдиодты бағаналар сан мыңдаған жарық әсерлерін тудырады. Шоу сахнасында барлығы 1288 жарықдиодты бағаналар орнатылмақ. Байқау сахнасының жекелеген элементі - LED қабырғаның ені 22 метр, ал биіктігі 9 метр. Сондай-ақ сахна еденінің астына зал мен сахнаның жарықтандырылу деңгейін бақылайтын арнайы генераторлар орнатылмақ. Естеріңізге сала кетейік, «Евровидение-2015» ән байқауы Австрияның Вена қаласында 1950 жылы салынған Wiener Stadthalle залының ең үлкен алаңында өтпек. Бұл аренаға шамамен 16 мың адам сияды, ал 60-шы мәрте ұйымдастырылғалы отырған байқауға 39 елдің өнерпаздары қатысады.