Айта кетейік, 22 мамырда 17 үміткердің 10-ы келесі кезеңге өттті. Бұлар - Литва, Польша, Словения, Швеция, Норвегия, Черногория, Кипр, Әзербайжан, Латвия және Израиль өкілдері. Сейсенбі күні бірінші жартылай финалдан кейін 10 қатысушы ақтық сынға жолдама алды. Солардың ішінде Ресей өкілі Полина Гагарина бар. Бұл топтан келесі кезеңге Эстония, Грекия, Венгрия, Румыния, Грузия, Сербия, Армения, Албания және Бельгия өкілдері өтті. Оған еуропалық «бестіктің» өкілдері (Германия, Ұлыбритания, Франция, Испания және Италия), Австрия және арнайы қонақ Австралия өкілі қосылады. Әншісі жеңімпаз атанған ел келесі жылы байқауды ұйымдастыру құқығына ие болады.
02:30, 24 Мамыр 2015
«Евровидение-2015» байқауының финалында 27 елдің орындаушылары өнер көрсетуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австрия астанасы Венада «Евровидение-2015» ән байқауының ақтық сыны жүріп жатыр. Бүгін бұл сахнада 27 елдің орындаушылары өнер көрсетеді.