«Евровидение-2015» байқауының ресми ұраны айқындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Евровидение-2015» халықаралық байқауының ресми ұраны айқындалды, деп хабарлайды Trend конкурстың ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Сонымен, «Евровидение-2015» байқауының ресми ұраны - "Building Bridges" ("Көпірлерді жалғау").

Айта кетейік, «Евровидение-2015» мерейтойлық 60-шы халықаралық байқауы Австрия астанасы Вена қаласында өтеді. Конкурстың жартылай финалдары 2015 жылдың 19 және 21 мамырында, ал ақтық сыны 23 мамырда өтеді. Оған қатысатын елдердің тізімі келесі жылдың қаңтар айының басында жарияланады.

Естеріңізге сала кетейік, Дания астанасы Копенгагенде өткен «Евровидение-2014» әншілер байқауында австриялық Кончита Вурст «Rise like a Phoenix» әнімен бас жүлдені иеленген еді.