«60 Years of Eurovision Song Contest» деп аталатын көркем безендірілген кітапта мерейтойлық шоу туралы ғана емес, байқаудың пайда болуы, түрлі жылдары оған қатысқандар туралы мәліметтер келтірілген. Кітап неміс және ағылшын тілдерінде жарық көрді. Оны Австрияның кез келген пошта бөлімшесінен немесе австриялық поштаның интернет-дүкені арқылы19.99 еуроға сатып алуға болады. Кітаппен бірге құны 4.80 еуро тұратын «Eurovision Song Contest Vienna 2015» естелік маркалар жиынтығы қоса сатылады.
03:52, 15 Сәуір 2015
«Евровидение-2015» шоуына орай байқаудың мерейтойлық кітабы жарыққа шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австриялық Österreichische Post баспа үйі «Евровидение-2015» байқауына арналған кітапты жарыққа шығарды, деп хабарланған еврошоу сайтында.