Байқаудың жартылай финалдары 2016 жылдың 10 және 12 мамырында, ал ақтық сыны 14 мамырда өтеді деген алдын ала байлам жасалды.
Швеция Еуропа бойынша ең ірі байқауды өткізетін жерді талқыға салып жатыр. Сахнаны таңдау бойынша алғашқы келіссөздер жүргізіліп те үлгерді.
2016 жылғы Евровидение байқауына қатысатын елдер тізімі биылғы жылдың соңында - келесі жылдың басында аталады. Билеттері де осы мерзім аралығында сатылымға түседі. Ал қатысушы елдер өз өкілдерін 2016 жылдың наурыз айының ортасына дейін ұсынуы тиіс.