Әлем бойынша 200 миллионнан астам адам байқау барысын теледидар арқылы тамашалаған, ал өз көзімен көру үшін Стокгольмге 38 мың музыка табынушылары келген.
Сонымен бірге, ұйымдастырушылар экономикалық табысты да жария етті: байқау қонақтары қону, тамақтану, ойын-сауық және сауда-саттыққа 263 миллион крон (шамамен 31 миллион доллар) көлемінде қаражат жұмсаған. Бұған тек соңғы жылдары табысқа қол жеткізген хоккейден 2012 жылғы әлем чемпионатын ғана салыстыруға болатындай. Ол да «Евровидение-2016» ұйымдастырылған "Глобен" спорттық аренасында өткен еді», - деп жазды ТАСС.