Келер жылы Лиссабон қаласында ұйымдастырылатын мәдени шараның кіріспе ролигі де жарияланды. Сондай-ақ жарыстың жартылай финал мен финал кезеңдерінің қашан өтетіні де белгілі болды.
Жартылай финал 8, 10 мамырда болса, байқау жеңімпазын 12 мамырда анықтайтын болады.
Португалия шараны ұйымдастыру құқығын «Евровидениеде» «Amar pelos dois» әнін орындаған Сальвадор Собраланың жеңісі арқылы иеленген болатын.