«Евровидение-2025» байқауын Австрия жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM - «Евровидение» 69-шы музыка байқауында бірінші орынды «Wasted love» әнімен австриялық анші JJ жеңіп алды, деп хабарлайды BBC.
Екінші орынды 2023 жылдың 7 қазанындағы Хамастың шабуылынан аман қалған Израиль әншісі Юваль Рафаэль алды.
JJ-дің жеңісі 2026 жылы «Евровидение» Австрияда өтеді дегенді білдіреді.
Әділқазылар алқасының дауыс беру қорытындысы:
Австрия
Швейцария
Франция
Италия
Нидерланды
Көрермендердің дауыс беруінен кейінгі қорытынды:
Австрия
Израиль
Эстония
Швеция
Италия
Юваль Рафаэль көрермендердің дауыс беруінен кейін алда келе жатқан болатын, алайды JJ-дің соңғы ұпайлары оны алдыға шығарды.
Осыған дейін фаворит болып келген Швецияның KAJ тобы 4-ші орынға тұрақтады. Олар сауна туралы әзіл әнді орындаған еді.
Австрия үшін бұл 2024 жылдан бергі алғашқы және байқау тарихындағы үшінші жеңіс болды.
24 жастағы JJ (Йоханнес Пич) өзінің балладасында ажырамас махаббат туралы айтады.
Юваль Рафаэль өзі үшін байқауға қатысудың өзі үлкен жеңіс екенін айтты. Себебі оның байқауға қатысуына Палестинаны қолдайтын белсенділер қысым көрсетумен болған.
Эстониялық Томми Кэш мафия сұлбасын бейнелеп, «Espresso Macchiato» әнімен үшінші орын алды. Италияда қойылым стереотиптерді пайдалану мен аралас тіл үшін жанжал тудырды.
Финалда қонақ ретінде шақырылған өткен жылдардың жұлдыздары - Käärijä мен Baby Lasagna өнер көрсетті.
Осыған дейін Швейцарияның Базель қаласында бейсенбі күні «Евровидение» ән байқауының екінші жартылай финалы аяқталғаны туралы жаздық.