Юргенс серуендеп жүрген кезде оның жүрегі кенеттен тоқтап қалған. Юргенс ХХ ғасырдың екінші жартысындағы неміс тілді эстраданың танымал тұлғаларының бірі. Ол мыңнан астам әннің авторы, поп және шансон жанрында 50-ден астам альбом шығарған. Әнші 1966 жылы «Merci Cherie» әнін орындап, «Евровидение» байқауының жеңімпазы атанды, ал 1992 жылы Венадағы Донауинзель аралында концерт берді. Бұл шара әлі күнге дейін Еуропа аумағында өткен ауқымды концерттердің бірі болып саналады.
09:28, 23 Желтоқсан 2014
«Евровидение» байқауының жеңімпазы дүниеден өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцарияда 80 жасында австриялық әнші және сазгер Удо Юргенс көз жұмды, деп хабарлады Deutche Welle.