Де Пол орындаушылардың 1977 жылғы «Евровидение» байқауына Ұлыбританияның атынан қатысып, Rock Bottom композициясымен екінші орын алған еді. Әнші бес рет британдық чарттың ТОП-20-на енді. Сонымен бірге Линсей де Пол әндердің авторы ретінде Британияның Ivor Novello музыкалық марапатын алған бірінші әйел болды.
09:15, 03 Қазан 2014
«Евровидение» байқауының жүлдегері өмірден өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық әнші және бірқатар әндердің авторы Линсей де Пол 64 жасына қараған шағында миына қан құйылып, қайтыс болды, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.