Оның айтуынша, Кубадағы революцияға қызғушылығы 1960 жылдардан басталған, деп хабарлайды ТАСС.
«Мен поэтикалық тілші болғанда, елдің жас көшбасшысы маған қатты ұнайтын. Мен саясаткерлер өзін қағаздан оқитын елден келдім. Бұл жерде үш-төрт сағат тоқтаусыз шабытпен сөйлейтін, сөйлеген кезде шынайы жүрекке жеткізе білетін адамды көрдім», - деп атап өтті ол.
Евтушенко қазіргі уақытта жазып жатқан шығармасын аяқтағаннан кейін, өзі куәсі болған 1959 жылғы Куба революциясының басталуы жайлы романына кіріседі.
Айта кетсек, 1991 жылдан бастап ақын Талса қаласы (Оклахома) университетімен келісімшарт жасасып, АҚШ-та тұрақты тұрып келеді.
Фидель Кастро 25 қарашада, 91-ге қараған шағында өмірден озды.