«EXPO 2017 Football Cup»: Манишенің сайыпқырандары Дино Баджоның командасын ойсырата жеңді

None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - «EXPO 2017 Football Cup» турнирінің 4-ші матчында Португалия командасы Италия командасын 12:1 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Италия командасы бұл жолғы турнирде екінші мәрте жеңіліске ұшырап отыр. Алғашқы матчта «Скуадра Адзурраның» футболшылары Ресейден 9:3 есебімен жеңілген болатын. Екінші матчта италиялықтар есесін қайтара алмады.

Аталған матчта Педру Мендеш үш голымен ерекшеленсе, Нуну Манише жауапсыз төрт гол салды. Сонымен бірге, Жозе Домингеш мен Фернанду Мейра дубль жасады.

Италиялықтар Стефано Эранионың бір голымен шектелді.

Еске сала кетсек, Астанадағы «Астана Арена» стадионында бүгін «EXPO 2017 Football Cup» турнирі өтіп жатыр. Футбол ардагерлері арасындағы турнирге Қазақстан, Ресей, Ресей, Италия, Германия, Португалия құрама командалары мен әлем құрамасы қатысуда. Қазақстан құрамасы алғашқы матчта Германияны тізе бүктіргенімен, Әлем құрамасынан жеңіліп қалды.