Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Астана EXPO - 2017» ұлттық компаниясы маркетинг және коммуникациялар департаментінің менеджері Нұргүл Әліпинова мәлім етті.
Қазіргі кезде Астанадағы «EXPO - 2017» көрмесінің тіркеу құжаттары әзірленіп жатыр. «Оны Халықаралық көрмелер бюросы қарап шығып, мақұлдауы тиіс. Осыдан кейін бізге «EXPO - 2017» көрмесінің туы салтанатты түрде табысталады. Міне, дәл сол кезден бастап Қазақстан «EXPO - 2017» халықаралық көрмесін өткізуші елдің мәртебесіне ие болады. Демек, биыл дайындық жылы болса, келесі жылы жазда туды алғаннан кейін біз қонақтарды шақыруға кірісеміз»,- дейді Н.Әліпинова.