Бұл шешім қаржылық қиындықты бастан кешіріп отырған Кубаға АҚШ тарапынан жасалатын экономикалық қысымды күшейтуі мүмкін.
1996 жылы қабылданған Хелмс-Бертон заңы АҚШ азаматтарына Куба билігі тәркілеген мүлік бойынша сотқа жүгінуге құқық береді. Алайда бұл норманы бұрынғы президенттердің барлығы дерлік тоқтатып келген, тек Дональд Трамп қана 2019 жылы оның күшіне енуіне рұқсат берген.
Осыдан кейін Exxon Mobil Куба астанасы Гаванаға қарсы сотқа талап арыз түсірді. Компания өзіне тиесілі болған жүздеген жанармай құю станциясы, мұнай өңдеу зауыты, қоймалар мен орау кәсіпорындарының құны 1 миллиард доллардан асатынын мәлімдеген.
Сот барысында Куба үкіметі бұл активтер Шетел мемлекеттерінің иммунитеттері туралы заң аясында қорғалатынын алға тартты және Exxon компаниясы аталған заңның өзіне қолданылмайтынын дәлелдеуі тиіс екенін мәлімдеді.
Бұған дейін аудандық және апелляциялық соттар Куба жағын қолдаған болатын. Алайда АҚШ Жоғарғы соты сейсенбі күні бұл шешімдердің күшін жойып, істі қайта қарауға жол ашты.
Еске салсақ, бұған дейін Дональд Трамп Кубаны «кеш болмай тұрғанда» АҚШ-пен келісім жасауға шақырған еді.