ЭЫДҰ жасанды ұялы телефондар санын есептеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі әрбір бесінші ұялы телефон мен видеойындарға арналған әрбір төртінші консоль жасанды болып шықты, деп хабарлайды Би-би-си Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына сілтеме жасап.

Ұйым жасанды ақпараттық-коммуникациялық құрылғылар саудасына арналған баяндама жариялады.

Баяндамаға сәйкес, 2013 жылғы шекаралық деректерге жасалған сараптама бойынша, жалпы әлемдік сауданың  6,5%-ы жасанды техникаларға тиесілі. Ал, 2016 жылғы дерек бойынша, басқа нарықтардағы жасанды заттардың үлесі 2,5%-ды құрайды.

ЭЫДҰ жасанды коммуникациялық техникалар саудасының жалпы көлемін 143 млрд долларға бағалады. Оның үштен екі бөлігі пошта мен экспресс жеткізу арқылы жүргізілетіндіктен, оны анықтау қиынға түседі.

Ұялы телефондар мен ойын қосымшаларынан бөлек, жад карталары, адаптерлер мен басқа да аксессуарлар жиі жасалынады. Басқарма пульті, ноутбуктар, компьютерлер мен планшеттер оған қарағанда сирек шығарылуда.