Эйфель мұнарасы қызметшілердің ереуілі салдарынан екі күнге жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Франциядағы көрікті жерлердің бірі саналатын Эйфель мұнарасы қызметшілердің ереуілі салдарынан уақытша жұмыс жасамай тұр.

«Ереуіл салдарынан Эйфель мұнарасы сейсенбі, сәрсенбі күндері күні бойы жабық болады», - деп жазылған мұнара сайтында.

Кеше ғана ғимараттың компания-операторы Эйфель мұнарасына кіре алмаған келушілерден кешірім сұрайтындары жайлы мәлімдеме жариялаған еді.

«Ереуілдің басты себебі - мұнараның қызмет көрсету мамандарының жалақыларына қатысты», деп көрсетілген мәлімдемеде.