Сауда-саттық сейсенбі, 27 қарашада Париждегі Artcurial аукцион үйінде өткен. Сатылған фрагменттің биіктігі 4,3 метрді, салмағы - 900 келіні құрайды. Шиыршықты баспалдақтың бұл бөлігі 1889 жылы Эйфель мұнарасының екінші және үшінші қабатын жалғастырып тұрған.
Лотаның бастапқы құны 40-50 мың еуроны құраған. Таяу Шығыстан келген коллекционер оны сауда басталған соң бірнеше минут өткенде сатып алған, деп нақтылайды телеарна.
1889 жылы Густав Эйфель жасаған баспалдақ 1983 жылы демонтаждалған.