Аукционға 1889 жылы жасалған, сол кездері мұнараның екінші және үшінші қабаттарын жалғап тұрған спираль тәрізді баспалдақтың бір бөлігі қойылған. Лоттың биіктігі - 4,3 м, диаметрі - 1,73 м, салмағы - 900 келі.
Баспалдақтың бастапқы бағасы 40-50 мың еуро төңірегінде бағаланып отыр. Аукцион 27 қараша күні өтеді. Хабарларға қарағанда, Густав Эйфельдің төлтума винтті баспалдағы 1983 жылы демонтаждалған.