Еске сала кетейік, әнші бүгін «Сарыарқа» велотрегінде сағат 19:00-де басталған «Асқақтай бер, Астана!» би кешінде өзінің айтуынша, бір жарым сағат бойы ән салады.
Эйкон қазақстанға екі рет келіп-кеткенмен (бұған дейін Алматыда болған) Астанаға алғаш рет ат басын бұрыпты. Журналистердің қазақтың қай ұлттық тағамын татып көрдіңіз деген сұраққа әнші вегетариандық болғасын ешбір тамағын жеп көрмегенін айтты. Есесіне ол қазақ қыздарының сұлулығына тойып жүр екен. «Қазақтың қыздары өте сұлу екен. Қонақүйден шықпай отырғанымның себебі де - сол. Шықсам, қыздардан көзімді ала алмай қалам», - депті Эйкон.