Хаттарда әлемге әйгілі физиктің Құдай туралы, атом бомбасы және өзге де тақырыптарға орай жазылған ой-пайымдары тізілген.
Британдық The Telegraph, бұл ғалымның бәссаудаға бұрын-соңды қойылған хаттарының ең үлкен жиынтығы. Олардың кейбірі 35 000 еурдан жоғары бағаға сатылуы мүмкін, деп жазады.
Лоттардың арасында Эйнштейннің 1923 жылы ұлдары Ганс Альберт пен Эдуардқа, сондай-ақ бұрынғы әйелі Милева Маричке жазған хаттары да бар.