Эйнштейннің миы 9,99 доллардан сатылады

АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Чикагодағы Медицина және денсаулық сақтау ұлттық мұражайы iPad-тың Альберт Эйнштейн миының суреттерімен таныстыратын қосымшасын ойлап тапты.

Ғұлама миының кескіндеріне үңілу үшін тұтынушылар 9,99 доллар төлеуі тиіс. Бұл туралы «Алаш айнасы» газеті жазады.

Associated Press-тің хабарлауынша, арнайы қосымшаға 1955 жылы патоло­гоанатом Томас Харви түсірген 350 фо­то­сурет орналастырылған. Әуелде Харви миды 250 бөлікке бөліп түсірген екен. Кейін орган Принстон универ­си­тетінің зерт­теушілеріне берілген. Эйнш­тейн миы­ның бір артықшылығы бар: оның төбе тұстағы бөлігі өзге адам­­­­дар­дікіне қара­ғанда едәуір үлкен. Енді осы және басқа да ерекшеліктерді iPad-тың кез келген тұтыну­шысы тамашалай алады. Медицина және денсаулық сақтау ұлттық мұражайының кеңесшісі Стив Ландерстің айтуынша, бұл бағдар­ламаның арқасында түрлі жаңалықтар ашылуы мүмкін.