Екі A320neo, бір A321neo және төрт A321 neo LR тұратын Airbus A320neo жеті әуе кемесін жеткізу келісімшартына Ле-Буржеде қол қойылған. Жаңа ұшақтар Air Lease Corporation (АҚШ) компаниясынан операциялық лизингке алынады. A320neo ұшағының біреуін 2016 жылдың көктемінде жеткізу жоспарланған, қалғандары 2018 және 2019 жылдары келіп жетеді.
А320neo әуе кемелері ішкі бағдарлы желі және халықаралық бағыттармен Қытай, Үндістан және БАӘ-не ұшатын болады. Бұдан басқа, А321neo LR кемесі алыс рейстер, соның ішінде Астанадан Лондонға және Алматыдан Бангкок, Хошимин және Гонконг рейстерін орындауы ықтимал.
«А320neo ұшақтарының жаңа буынында, әсіресе Азиядан Еуропаға алыс рейстерді орындауда жайлы, тиімді және операциялық мүмкіндіктерінде айтарлықтай өзгерістер бар», - деп атап өтті «Эйр Астана» АҚ-ның президенті Питер Фостер.