Оның мәліметінше, сонымен қатар, әуе компаниясының 2012 жылғы таза табысы 9,1 млрд. теңге болса, 2013 жылы 7,5 млрд. теңгені құраған.
«Көрсеткіштің 18 пайызға төмендеуі кіріс өсімінің кемуі мен компания меншігіне 6 әуе кемесін сатып алу кезіндегі шығынның өсуіне байланысты болып отыр», - деп атап өтті Н. Байдәулетов.
Оның атап өтуінше, «Эйр Астана» АҚ 2002 жылы өз қызметін бастаған уақытта кірісі 3,6 млрд. теңге, таза шығыны 769 млн. теңге болған.