Бұл туралы бүгін аталған компанияның президенті Питер Фостер елордада ұйымдастырылған баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті.
«Біз өзіміздің әуе флотымызды арттыру жұмыстарын жалғастырудамыз. Өткен аптада біз жетінші Embraer 190 лайнерімізді алдық. Сондай-ақ таяуда ғана бірінші Airbus A320-ны алған едік. Осы жылдың мамыр, шілде және қараша айларында біз орналастырылған тапсырыс аясында келесі үш Airbus A320, ал қыркүйек пен қазанда тағы екеуі келеді деп күтудеміз», - деді П.Фостер.
Оның атап өтуінше, компания жолаушылар легін арттыру бағытында жұмыстарын жалғастыратын болады. Мәселен, өткен жылы жолаушылар саны 14 пайызға артса, ағымдағы жылы компания Астана-Киев, Алматы-Киев әуе бағыттарының ашылуына орай бұл көрсеткіш өсе түетіндігіне сенімді. Сонымен қатар, «Эйр Астана» таяу аралықта Астана-Орынбор, Атырау-Мәскеу бағыттарын ашуды да жоспарлауда.