«Эйр Астана» әуе компаниясының қызметкерлері 8 сағаттық белдеуде дауыс беруде

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» әуе компаниясының қызметкерлері әлемнің 8 сағаттық белдеуінде дауыс беруде.

Компанияның Сеулде жүрген қызметкерлері алғашқылардың қатарында дауыс берді, ондағы сайлау учаскесі Астана уақыты бойынша сағат 04:00-де ашылған. Бұдан кейін «Эйр Астана» қызметкерлері өздерінің конституциялық құқықтарын Бейжіңде және Куала-Лумпурда, ал сағат таңғы 6:00-де Бангкокта жүзеге асырды.

Әр түрлі сағаттық белдеу болған соң Әбу-Дабиде дауыс беру Астана уақыты бойынша сағат 09:00-де, Ыстамбұлда сағат 10:00-ден кейін өтті. Одан кейін әуе компаниясының қызметкерлері сағат 11.00-де Франкфурт, Париж және Амстердам қалаларында дауыс берді. Соңғылардың бірі болып өздерінің азаматтық парыздарын Лондонда жүрген қызметкерлер өтейді, ондағы сайлау учаскелері Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де ғана ашылды.