2015 жылы әуе компаниясының таза пайдасы (аудиторлардың әлі тексеруінен өтпеген) 47,4 млн. долларды құрап, 2014 жылмен салыстырғанда - 144 пайызға өсті.
«Табыстың азайғаны шығындарды елеулі түрде қысқартудың арқасында өтелді. Сондай-ақ, жанармайды да үнемдеп жатырмыз. Жергілікті және өңірлік нарықта орын алған күрделі жағдайға қарамастан, біз алып жүру сыйымдылығын кеңейтіп, Париж, Сеул және Тбилиси қалаларына қарай жаңа бағыттар аштық», - деді «Эйр Астана» әуе компаниясының президенті Питер Фостер.
Ол сонымен қатар, 2015 жыл - «Эйр Астана» үшін табысты жыл болғанын жеткізді. Яғни, компания осымен 13-ші жылды табыспен аяқтап отыр. Ал 2016 жылға қатысты, П. Фостер әуе тасымалы нарығының әлі де болса осал күйде болатындығын айтты.
«Шикізат тауары нарығындағы әлсіз валюта мен құбылмалылық жағдайлар алдымызға күрделі міндеттер қойып отыр. Біз 2016 жылдан үлкен табыстар күтпейміз, бірақ әуе компаниялары ішінде әелем бойынша меншікті шығындарымыздың ең төмен деңгейлердің бірінде екендігін ескерсе отырып, нарықтағы қолайлы жағдайды пайдаланып, жоғары дәрежеге көтерілеміз деген үміттеміз. Біз биыл Тегеран және Ұлан-Батор қалаларына қарай жаңа бағытты ашуды және жыл ортасында Airbus 320 NEO ұшағын алуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, 2016 жылы біз компанияның даму стратегиясына сәйкес, өз қызметімізді жалғастырамыз. Және экономикалық жағдайдың жақсаруын күтеміз. 2017 жылы жағдай жақсара бастайды деген сенімдеміз», - деді П . Фостер.