«Эйр Астана» Бішкек әуежайынан Шолпан-Ата қаласына дейін жолаушыларды тегін тасымалдайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» әуе компаниясы өз қызметін пайдаланатын жолаушылар үшін тегін тасымалдау қызметін ұсынды. Бұл туралы әуе компаниясының Фейсбук желісіндегі парақшасында хабарланған.

«Эйр Астана» әуе компаниясы 2015 жылдың 2 шілдесінен 31 тамызына дейін Алматы/Астана - Бішкек бағыттарындағы рейстердің барлық жолаушыларына Бішкек әуежайынан Шолпан-Ата қаласына дейін тегін тасымалдау қызметін ұсынатынын қуана хабарлайды. Жайлы жолаушы автобустары Бішкек әуежайы мен Шолпан-Aта қаласы арасында аптасына 4 рет қатынайтын болады», делінген хабарламада. Сондай-ақ хабарламада тасымалдау қызметіне өтініштер жоспарланған ұшу күніне дейін кем дегенде 72 сағат бұрын берілу керектігі айтылған.