«2016 жылы 30 желтоқсанда «Эйр Астана» әуе кемесінің бортында мас жолаушы жолсерік қызға тиіскен. Өз әрекетімен құқық бұзушы оның ар-намысын аяқасты етіп, айналасына құрметсіздік танытты, қоғамдық тәртіпті бұзып, өзге жолаушылардың мазасын алды», - делінген хабарламада.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен ер адам ҚР ӘҚБК 434-бабы, 1-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 1 тәулікке қамау түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Әзірге қаулы заңдық күшіне енген жоқ.