«Эйр Астана» колл-орталығы жолаушыларды тасымалдаудың барлық жолдарын шұғыл түрде қарастырып жатыр. Соның ішінде, форс-мажор жағдайларын реттейтін ИАТА ережелеріне сәйкес жолаушылар басқа әуе тасымалдаушылардың көмегімен жеткізілуі мүмкін», - деді Қоғаммен байланыс департаментіндегілер.
Бұған дейін Пәкістан әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Үндістанға рейстердің ұшырылмағанын хабарлаған болатынбыз. Бөгелген рейстің жолаушылары қазіргі кезде Пәкістанның әуе кеңістігінен тыс Оман королдігінің астанасы Мускат әуежайы бағытында аттанды. Сол жерден жанармай құйып, бері Алматыға ұшып келеді. Ұшақ Алматығы жергілікті уақыт бойынша 17:22 қонады.