«Ішкі әуе қатынастарына тарифтер жоғарыламайды және әзірге мұндай жоспарды белгілеген жоқпыз», - деді ол.
Бұдан бөлек халықаралық рейстерге тоқталған Е. Оспанов, осы тұрғыда компания тарифтерге түзету енгізгенін, оның нәтижесінде баға 7-ден 10 пайызға дейін өскенін жеткізді.
Мәселен, Астана-Мәскеу, Алматы-Мәскеу, Астана-Ыстамбұл, Алматы-Ыстамбұл секілді кейбір бағыттарда билет бағасы өзгермей, тарифтер бұрынғы деңгейде сақталды.
Оның айтуынша, халықаралық рейстерге бағаның артуы нарықтың теңге бағамына байланысты болды, яғни «Эйр Астана» компаниясының «Люфтганза» және басқа да әуе компаниялары секілді бәсекелестері билеттерді доллармен белгілейді.
«Егер осының алдында билет 1 мың доллар болған кезде, онда қазақстандықтар 155 мың теңге төлеген еді, қазіргі кездегі жаңа бағам бойынша олар енді 185 мың теңге төлейтін болады. Бұл автоматты түрде өзгерді», - деп түйді Е. Оспанов.