«Егер біз осыған дейін тек сәрсенбі мен жексенбі күндері ғана ұшып жүрсек, тамыздың басынан бастап, біздің компанияның ұшақтары жұма күндері де жолаушылар тасымалдайтын болады», - деді «Эйр Астана» компаниясының өкілі. Оның айтуынша, аталмыш қадамға әуе компаниясы Алматыдан Бакуге және кері қарай жолаушылар тасмылдайтын әуе лайнерлер жолаушыларының артуына қатысты болып отыр.
Сонымен қатар, Ә.Дәулетбек хабарлағандай, аталмыш рейс жолаушыларына Астана мен Қазақстанның өзге де қалаларында ұштасуы жағдайы жасалған. Осының арқасында, тамыздың 6-сынан бастап, «Эйр Астана» компаниясының А-320 әуе лайнерлері аптасына үш рет «Алматы-Баку-Алматы» бағыты бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыра алады.