деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Малайзия астанасына енді әр сенбі сайын "Боинг-767" ұшағы қатынайтын болды. Әуе кемесінің ұшу ұзақтығы 8 сағатты құрайды. Алматы - Куала-Лумпур - Алматы арасындағы бұл әуе рейсінің екі жаққа жол ақысы эконом-класс үшін 95 мың теңге, ал бизнес-класс үшін 266,3 мың теңгеден басталады. Қазақстандық компания бұған дейін мұндай әуе рейстерін Азия-Тынық мұхиты аймағында Алматы-Бангкок, Алматы-Бейжің, Алматы-Сеул және Астана-Үрімші қалаларының арасында ашқан болатын.