2012 жылы ақпан айында Қазақстанның көліктік саласын дамыту стратегиясы аясында «Эйр Астана» 3 бірлік Boeing-767 ұшағы мен 3 бірлік Boeing-787-8 Dreamliner әуелайнерлерін сатып алу жөнінде келісімшарт жасасты. Үшінші Boeing-767 ұшағы келесі жылы жеткізілмек. Ал 2017 мен 2019 жылдары Boeing 787 әуелайнерлерін сатып алу жоспарлануда.
«Боинг 767 ұшақтарының келуі екі жыл бұрын Airbus пен Embraer ұшақтарының сатып алуынан кейінгі «Эйр Астана» әуе компаниясының паркін жаңартуға бағыттаған елеулі қадамы», - дейді «Эйр Астана» президенті Питер Фостер.
Оның айтуынша, «Эйр Астана» әлемдегі ең жас әуепаркке ие компаниялардың тізіміне енеді. Оның иелігіндегі әуекөліктердің орташа жасы 6 жыл.
Алыс қашықтыққа арналған Boeing-767 ұшақтарында 30 бизнес-санаттағы және 193 эконом-санаттағы орындар бар. Жаңа ұшақтар Boeing 767 P4-KCA және Boeing 767 P4-KCB әуелайнерлерін алмастырмақ. Ұшақтар Алматы, Астана және Атыраудан Бангкокке, Бейжіңге, Гонконгқа, Куала-Лумпурге, Франкфуртқа және Амстердамға қатынайтын болады.