Оның айтуынша, қазіргі кезде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның басқаруындағы компанияның мемлекеттік акцияларының пакеті 51 пайызды құрайды. Ал қалған 49 пайызы британдық BAE SYSTEMS компаниясына тиесілі.
«Біздің пакетіміз бөлшектенбейді, қолда бар пакетімізден ІРО-ға ештеңе бөлуді жоспарлап отырған жоқпыз. Дегенмен, қандай да бір жағдайлармен олар көбейіп жатса, ондай мүмкіндіктер қарастырылады», - деп атап өтті Нұржан Байдәулетов.
Басқарушы директор компанияны құруға Қазақстан Үкіметінің 8,5 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция жасағанын, әуе компаниясы осы уақыт ішінде мемлекеттік бюджетке 38,2 млрд теңгеден артық (278,07 млн. доллар) салық пен өзге де міндетті төлемдер жасағанын жеткізді.
«Компания 2006-2012 жылдары Қазақстан жағына дивиденд түрінде 7,04 млрд теңге, ал BAE SYSTEMS британдық акционеріне 6,57 млрд. теңге төлеген», - деді Н. Байдәулетов.