Қиыр Шығыс інжу-маржаны атанған Хошимин немесе Сайгон (жергілікті тұрғындардың көбі қаланы әлі де Сайгон деп атайды) Вьетнамның оңтүстігінде орналасқан. Енді сізде осынау заманауи келбетімен бірге көне мәдениет дәстүрі және көркемдігімен таң қалдыратын тамаша қаланы танып білу мүмкіндігі бар.
Алматы мен Хошимин аралығындағы рейстер 2013 жылдың 2 қаңтарынан бастап аптасына 2 рет, сәрсенбі және жұма күндері Boeing 757 әуе кемесімен орындалады. Алматыдан Хошиминге дейінгі билет құны барлық салықтарды қоса алғанда 88 499 теңгені құрайды. Ұшақ Хошиминге Бангкок арқылы 9 сағат, ал кері бағытта 7 сағат ұшады.
«Эйр Астана» Орталық Азиядағы көшбасшылық беделін нығайта түсумен қатар, дамытуды да жалғастыруда. Әуе компаниясының стратегиялық басымдықтарының бірі Азияға ұшу географиясын кеңейту. Мен Хошиминнің тағы бір жаңа бағытымыз болғандығына қуаныштымын», - деді «Эйр Астана» АҚ-ның президенті Питер Фостер.