«Эйр Астана» ұшақтары Дубайға ұшуды қайта жалғастырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» Дубайға (БАӘ) ұшуын қайта жалғастырды. Бұл туралы компанияның Instagram-дағы ресми парағында хабарланды.

«Достар, «Эйр Астана» әуе компаниясы ұшақтарының Дубайға ұшуын қайта жалғастыруының құрметіне жолаушылар үшін арнайы тариф ұсынады. Біздің сайтта ересектерге тариф құны бойынша бару және кері қайту бағасы 73 049 теңгеден басталады. Балаларға тариф құны - 56 046 теңге, ал сәбилер тегін саяхаттай алады», делінген таратылған хабарламада.