«Эйр Астана» ұсынған қызметтің ерекше түріне тапсырыс беруді ұмытпаңыз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Енді «Эйр Астана» әуе компаниясы ұшақтарында балалар тағамы мен етсіз және диеталық тағамдарға тапсырыс беруге болады. Бұл туралы әуе компаниясының Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында хабарланды.

Жаңадан көрсетілетін ерекше қызметке билет сатып алған кезде тапсырыс бере аласыз. Егер ол кезде көңіліңіз қалаған тамаққа тапсырыс беруді ұмытып кетсеңіз, ұшуға дейінгі 24 сағат ішінде мына байланыс нөмірі арқылы: 7 (727) 244 44 77 немесе call.centre@airastana.com электронды поштасы тілегіңізді жолдауға болады. Ескерте кетейік, әуе компаниясы мұндай қызмет түрі халықаралық рейстерде, тек ішкі рейстердің санаулы бағыттарында ғана бар екенін хабарлайды.