«2018 жылды жақсы жаңалықпен бастаймыз. Қазақстанға Pratt & Whitney қозғалтқышымен жабдықталған жаңа буынның алғашқы ұшағы - Airbus A321neo келді. Ұшақтың бизнес-класс салонында - 28 және эконом-класында - 151 орын бар және ол дербес ойын-сауық мониторлармен жабдықталған. Жаңа Airbus өндіруші-зауыттан жеткізіліп, Қазақстан ішінде және шетелге ұшатын болады», - делінген компания таратқан ақпаратта.
15:46, 03 Қаңтар 2018
«Эйр Астананың» әуе паркі Airbus A321neo ұшағымен толықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» компаниясы сатып алған бірінші Airbus A321neo ұшағы Қазақстанға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.