Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев осылай мәлім етті.
Атап айтқанда, бұл ұшақтарды қордың құрамындағы екінші отандық әуе компаниясы - «Эйр Қазақстан» пайдаланады.
«Ұшақтардың қауіпсіздігі бойынша әуе компанияларына деген талап күшейіп келеді, алайда отандық компаниялар бұл талаптарды орындамайтын жағдайлар кездесуде»,-деп атап өтті ол.
Басқарма төрағасы Елбасының тапсырмасы бойынша екінші отандық әуе компаниясын құру қадамы жасалғанын жеткізді.
Оның сөзіне қарағанда, қор «Эйр Астана» мен «Эйр Қазақстан» компанияларының акционері болғандықтан осы екі әуе компаниясы серіктестік негізінде жұмыс істейтін болады.
Ө. Шөкеевтің пайымынша, жаңа әуе компаниясы мамырда тіркеуден өтетін болады. Жыл соңына дейін оған тиісті 10 ұшақ жеткізілмек. Жалпы компания алдағы жылдың басынан бастап әуе сапарларын жүзеге асырмақ.