Ежелгі Египеттің су астына кеткен қаласының храмы табылды

НҰР-СҰЛТАН - КАИР. ҚазАқпарат – Ежелгі Египеттің су астына кеткен Гераклион қаласын зерттеп жүрген драйверлер біршама құнды дүниелерді тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Live Science басылымына сілтеме жасап.

Мысырдың Ежелгі ескерткіштер министрлігініңмәлімдеуінше, табылған артефактілердің арасында храмның қалдықтары, алтынәшекейлер, монеталар, салтанатты қайықтың бөліктері бар.

Гераклдың есімімен аталған қала кезінде халыққұжынаған мегаполистердің бірі болған. Ол біздің заманымызға дейінгі VIIIғасырда Ніл өзенінің Жерорта теңізіне құяр сағасына салынған. Клеопатра перғауынныңөзі осы қаладағы храмдардың бірінде таққа отырған. Кейін, шамамен осыдан 1500жыл бұрын оны су басты. Қазір ол 45 метр тереңдікте қалып қойған.

Ғалымдар 2000 жылы қаланы тапқаннан кейін,тарихтың бұрын белгісіз қырлары ашыла бастады. Соңғы зерттеулер кезіндеархеологтар зәулім храмның қалдықтарын тапқан.

Бұдан бөлек, 75 қайық табылған. Соның ішіндесалтанатты шаралар кезінде қолданылған №61 қайықтың жетіспей тұрған бөлігі дебар.

Археологтар қайықты құрастырған соң, оныңұзындығы 13 метр, ені 5 метр екендігі белгілі болды. Қола және алтын монеталар,әшекей бұйымдары да табылған. Айтпақшы, Гераклионнан табылған қола монеталар ІІПтолемей билік құрған тұста, біздің заманымызға дейінгі 283-246 жылдарысоғылған.