АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцарияда Цюрихте орналасқан Эволюциялық медицина институтының зерттеушілері ежелгі Мысыр перғауындарының бірі Санахтың сол уақытта өмір сүрген адамдармен салыстырғанда әлдеқайда ұзын болғандығын дәлелдеді.
1901 жылы Бет-Халлафе моласынан табылған перғауын мумиясын егжей-тегжейлі зерттеген ғалымдар Санахтың бойы 1 метр 98 сантиметр болған деген байламға келді. Оның үстіне ежелгі мысырлықтардың сол кездегі орташа бойы 170 сантиметрді құраған.
Бұл жаңалыққа дейін мысыр перғауындары арасында ең ұзыны - бойы 175 сантиметр болған Рамзес ІІ саналып келген еді.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.